Ана-гүл, ана-нұр, ана-өмір шырағы

Шараның мақсаты – өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Шараға «Сәукеле» жастар клубының мүшелерімен, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы Б.Әбілдаева:
–Бүгінгі мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күнінде аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленуі – біз үшін үлкен құрмет. Әлемнің тыныштығы, бейбітшілігі аналардың мейірімді жүрегінде, ақ пейілді тілегінде. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген Аналардың алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінгі айтылатын ізгі тілектер мен шырқалатын әннің бәрі-бәрі Сіздерге арналады, – деп лебізін білдірді.
Кітапхана оқырмандары Б.Әлімбетова «Ана», Г.Қалыбек «Ерке сылқым», Н.Амантай «Қаражорға», мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
Кітапхана оқырманы Г.Ералиева нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Шара соңында кітапханашы Д.Орынбасарова «Аналар асыл жандар» атты кітап көрмесімен таныстырылып, сыйлықтар үлестіріліп, зейнеткер Ибрагимова Роза анамыз ақ батасын берді.
К. ӨТЕПБЕРГЕН