Өлке сырын өрнектеген тұлға
Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігін дәлелдеп жүрген азаматтың бірі—Тәңірберген Дәрменов. Ұзақ жылдар бойы шұқшия зерттеп, Арал-Сыр өңірінің бірталай өткен тарихын түгендеп берді. Әсіресе Нұртуған шайыр бастаған ақын, жыраулардың өмірдеректерін, Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінің дін қайраткерлерін түбегейлі зерттеп, бірнеше кітап етіп шығарған еңбегі кейінгі ұрпаққа мол қазына боп отыр.
Кеше Арал қаласындағы Руханият орталығында өлкетанушы Тәңірберген Дәрменовпен болған кездесу кеші жақсы бір шара боп көңіл қуантты. Замандасымыздың осынау еңбегі өңірдің зиялы қауымынан, жерлестері тарапынан үлкен баға алды.









