Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аралдың адамдары

Аралдың адамдары

(80 жылдық мерейтойына орай)
Қарақұмдық ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қаламгер
Иманбай ӘЙТІМОВКЕ

Болмысы бар кейде шадыр, кейде кең,
Ауылдастар: "Жазушымыз!" дейді екен.
Бір шалғайда шеткерірек жүрген соң,
Дейміз іздеп:"Қайда екен Имекең?!"

Сөзінің жоқ бұра тартар бұлтағы,
Сарқылмаған шабытының бұрқағы.
Қасарысса кім-кімге де тік сөйлер,
Байғарадай жаужүректің ұрпағы!

Өр жүрегін әлдилеген арман-ән,
Бозаң шақтан ақ парағын қамдаған.
Ғасырлардың сүр қойнауын ақтарып,
Кітап жазды әз-жұртына арнаған.

Сексенінде селкеу білмес таңы бар,
Кеудесінен талай сырлар ағылар.
Аты шыққан баспасөзде жан-жаққа,
Қарақұмның тарлан шері танымал!

Бар шәкірті бағалаған Имекең,
Кейінгілер ағалаған Имекең.
Қазағымның қазыналы бір қарты—
Дана адам, дара адам Имекең!
Ерғали АБДУЛЛА
"Арал әлемі" газеті. 2026 жыл
14 шілде 2026 ж. 70 0