«Әлеумет» пікірталас шыңында
Абайдың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасын арқау еткен мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған аудандық пікірсайыс додасында Арал аудандық жұмыспен қамту және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің «Әлеумет» командасы І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.Сегіз команда бас қосқан зияткерлік додада «Әлеумет» тобы білімін, тапқырлығын, шешендік шеберлігі мен ой ұшқырлығын танытып, үздік нәтиже көрсетті. Пікірсайыс алаңында өз ұстанымдарын дәлелмен қорғап, қарсы тараптың уәжіне орынды жауап бере білген команда мүшелері ұйымшылдық пен кәсіби дайындықтың үлгісін көрсетті.
Бұл жеңіс – тынымсыз ізденіс пен бірліктің, білім мен біліктіліктің жемісі. Халыққа қызмет етуді басты міндеті санайтын мамандардың зияткерлік сайыста да биіктен көрінуі – зор мақтаныш.
Алдағы уақытта да абыройларыңыз асқақтап, толағай табыстар мен жарқын жеңістер серік болсын! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болғай!
«Толқын» ақпарат










