
Жолға шықсаң, жолдасыңды тауып шық
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болса керек. Не де болса күз айы. Күн ұясына қарай ерте қызарып батып бара жатқан мезгілде есіктің алдына су жаңа «Нива» автомашина келіп тоқтады. Дырылын естіп далаға шықсам, машинаның газын 1-2 рет басып, сөндіріп жатқан жездем екен. Түрінде шаршаңқы белгі табы...













