Зәуреш Әлімбетова: Барсакелмес – ашық аспан астындағы жалғыз зертхана
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы тұңғыш рет «Елім-ай» сыйлығын тағайындау туралы шешім шығарды. Аталған сыйлық табиғат қорғаушылар мен орман шаруашылығы және жануарларды қорғау саласында үздік еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен мекемелерге тапсырылды. «Елім-ай» сыйлығына үміткерлер 16 номинация бойынша таңдалды. Соның ішінде «Ең үздік қорық» номинациясына Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ие болды. Елорданың төрінде өткен марапаттау рәсіміне қатысып, мерейі тасып қайтқан мекеме директоры Зәуреш Әлімбетовамен сұхбаттасқан едік.
– Зәуерш Жансұлтанқызы, мынау ел мерейін өсірген марапаттарыңыз құтты болсын! Сөз басын «Барсакелмес қорығының» өткен тарихынан бастасақ?
– «Барсакелмес қорығы» – 80 жылдық тарихы бар қорық. Осынау уақыт аралығында қорық басынан алмағайып кезеңдерді өткерді. Теңіздің тартылуы мұндағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі түрлерінің азаюына әкеліп соқтырды. Соның салдарынан Үлкен қорықтың кішкентай қорғалжыңға айналып кетуі де ғажап емес еді. Арал теңізі тартылып, жан-жағы сор, батпақ болып жатқан далалықты сақтап қалуға ол кезде мемлекеттің де мүмкіндігі аз болды. Бірақ сол кездері жерсіндіру мақсатында 7 бас құлан, қарақұйрық, ақбөкен сынды жануарлар әкелінді. Олар осында өсіп, көбейе бастады. Осылайша 1954 жылы Түрікменстанның Бадхыз қорығынан жүйрік құландарды жерсіндіру мақсатымен қорық аумағына жіберілді. Арал теңізінің күрт төмендеуі және Барсакелмес қорығының шығыс бөлігі құрлықпен шектесуіне байланысты қорық әкімшілігі алдына күрделі мәселе қойылды. Жақсы жайылымдар мен суаттар іздеп, тұяқты жануарлар жаңа аумақтарға қоныстануда. Осыған орай бұл жаңа аумақтарды қорыққа қосуға «Аралды құтқару қорының» қаржыландыруымен ғылыми технико-экономикалық сараптамасы дайындалды. Осы аталған сараптама негізінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының территориясы Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Дельта» учаскесін қосу арқылы ұлғайды. Сырдария өзенінің құяр сағасы Қазақстанның сулы-батпақты өңірлерінің ішінде маңыздылығы бойынша 4 орынды алып отыр және де ол биоәркелкілігімен ерекшеленеді. 2012 жылы Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің құяр сағасы Халықаралық Рамсар конвенциясымен қорғалатын сулы-батпақты өңірлер тізіміне енді. Қазіргі таңда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі – 163126 гектар. Қорық үш кластерлік учаскеден құралған.
– Барсакелмеске шетелдік зерттеушілердің ықыласы ерекше. Біздің аумаққа құштарлығын оятқан не нәрсе?
– Бізің қызметкерлер өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғап қана қоймай, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу және ағарту жұмыстарымен де айналысады. Біздің жұмысымыз қиын әрі қызықты.Иә, бізбен бірге жұмыс жасап отырған шетелдік зерттеуші ғалымдар көп. Олардың қызығушылығын оятқан ашық аспан астындағы зертхана. Яғни теңіздің тартылып, ұлтанының құрғап қалуы құмды аймақта өсетін өсімдіктердің пайда болуына, топырақ құрамының әртараптануы мұндағы табиғи құбылыстың бәрі ғалымдар үшін үлкен жаңалық болуда. Тіпті көп жылдан бері зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалымдар бар. Біз ғылымдарды бір жүйеге әкеліп бағыттағанбыз. Аралды құтқару қорының бірлесіп ұлттық ғылыми құндылықтарды кеңінен насихаттап, экотуризм потенциалын дамыту үшін Қамбаш көлі жағасынан 10 гектар жерде «Арал ЭКА» деген ғылыми-туристік орталық аштық. Қазір әлемді жайлаған пандемия салдарынан мұндағы жұмыстар тоқтап тұр. Бірақ осы бағытта жұмыс жасауға неміс, жапон, ресейлік әріптестеріміз құлшыныс білдіріп отыр.
– Қорықты көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Өткен жылы жапон елшілігімен бірге көркейту-көгалдандыру мақсатында сексеуілден бөлек, жеміс ағаштарын да отырғызған болатынбыз. Биыл өрік ағашы жеміс берді. Дегенмен бізде су үлкен мәселе болып отыр. Өзіңіз жақсы білесіз, біздің өңірдің жазы өте ыстық болады. Мұндайда жиі суарып отыру қажет. Мекеме болғандықтан, суға төленетін есептеу мөлшері де жоғары. Жаз айларында мекеме су ақысын бірнеше есе көп төлеп отырмыз. Осыған байланысты жоғары басшылық тарапынан бізді алаңдатқан осы жайтты оңтайлы шешсе екен деген тілегім де бар.
– Қалай ойлайсыз, табиғи байлықтарымыздың жойылып кетуіне не себеп?
– Теңіздің тартылуы ғана емес, адами факторлардың да әсері бар. 1935 жылы Барсакелмес қорығындағы соңғы ақбөкенді атып алған. Сонау тоқырау кезінде адамдар күнкөрістің қамы үшін аң-құстарды, балықты аулаумен қатар, сексеуілді де жойып жібере жаздады. Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан да осындай болды. Дер кезінде қолға алғандықтан біз қазір сақтап қалдық. Көкарал бөгетінің салынуы балық шаруашылығының дамуымен қатар, айдындағы балық түрінің молаюына да септігін тигізді. Осы орайда біздің жұмысымызға қолдау көрсеткені үшін бір кезде облысты басқарған Қырымбек Елеуұлы мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғыс айтқым келеді.
– Жуырда мемлекеттік марапатқа ие болдыңыздар. Бұл марапат қызметкерлерге үлкен серпіліс берген болар. Сіз қандай әсерде болдыңыз?
– Бұл марапат үшін ешқандай бәйге ұйымдастырылған жоқ. Бірақ арнайы сарапшылар құрамы бекітіліп, солар осы кезге дейінгі атқарылған жұмыстарға талдау жасай келе, біздің қорыққа беруді жөн деп тауыпты. Әрине бұл бір ғана менің жетістігім емес, тұтас бір ұжымның еңбегінің жемісі. Біздің қызметкерлер ауа райының қолайсыздығына қарамай, дала кезіп кетеді. Бірақ жұмыс сонысымен де қызықты. Еліміз бойынша салыстырып қарағанда, Барсакелмес қорығы – ең аз бюджеті мен штаты бар қорық. Шынымды айтсам, біздің бір күн арқаны кеңге салып, бос отырған кезіміз болған емес. Әркез өзіміздің жұмысымызды ерекше ықыласпен істейміз. Осы еңбегімізді елесе керек, Мемлекет басшысы тағайындаған тұңғыш сыйлық – «Ең үздік қорық» бізге берілді.
– Осы бір сала Сізді өзіне несімен баурады?
– Мен теңізді көрдім. Оның шағаласы шулап, балығы тулап жатқан тіршілігінің шет-жағасын көріп қалдым. Ол кездері кішкентай бала болсам да, ата-анаммен бірге теңіз жағасына серуендеп шығатынбыз. Сол кездері үлкендердің «теңіз тартылып барады» деген уайымын естідім. Жыл өткен сайын бұл әңгіме жиі айтылып, ақырында теңіздің ұлтаны көрініп қалды. Сондықтан теңізбен тіршілігін тамырлатқан халықтың зарын естіп өскендіктен, оны қайта келтіруге септігімді тигізсем деген арманнан туды. Тіпті теңізді көрмеген қазіргі жасөспірім балалардың өзі теңіздің қайта келуін тілейді. Біз ағарту жұмыстарын мектептермен бірлесіп жүргіземіз. Сонда оқушылардың салған суреттерінен-ақ олардың арманы айқын көрініп тұрады. Бірде халықаралық сарапшылар ауылда, ауданда болып, әлеуметтік сараптама жүргізген болатын. Сонда біздің жергілікті халықтың отансүйгіштік қасиетіне ерекше тәнті болып қайтты. Қалай сүймесін. Бір кездері ғажайып мекен болған құтты қонысы. Сондықтан мен елдің тұрмыс түзеліп, экологиялық ахуалын жақсартуға иненің жасуындай болса да үлес қосқым келеді.
Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен Н. Маратқызы