Қызылорда облысында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қызылорда облысында ел игілігін еселейтін жобаларға инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жағынан Сыр өңірі аймақтар арасында алға шықты. Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлердің саны ғана емес, белсенділігі де артқан. BAQ.KZ-тің Қызылорда облысындағы тілшісі осы және басқа да тақырыптар төңірегінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараковпен сұхбаттасған болатын. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
– Қамбарбек Амангелдіұлы, Сыр өңірінде кәсіпкерліктің даму қарқыны қандай?
– Экономиканың тірегі – шағын және орта бизнес. Осы сала дамыса, елдің әл-ауқаты да көтеріледі. Мемлекет ШОБ-ты ұдайы қолдап келеді. Соның нәтижесінде, 2023 жылы облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 130,3 процентке ұлғайып, 73 686 бірлікті, жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 136,1 поцентке ұлғайып, 69 503 бірлікті құрады. 2022 жылдың қорытындысы бойыныша шағын және орта кәсіпкерлікте 116,3 мың адам жұмыспен қамтылып, 429 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. ШОБ-тың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 15,5 процентке, орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 2,4 процентке жетті.
– Кәсіпкерлікті қолдауға қандай көздерден қаржы бөлініп жатыр?
– 2023 жылы облыста кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден 22 миллиард теңгеге жуық қаржы қаралып, жыл басынан бері 424 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бюджеттен 6,8 миллиард теңге бөлініп, жыл басынан бері жалпы несие портфелі 3,5 миллиард теңге болатын 88 жоба субсидияланды және жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын 62 жоба кепілдендірілді.
Ал, микрокредиттер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы микро қаржы ұйымы арқылы 1 миллиард теңге шамасында 189 жобаға табысталған. Аграрлық несие корпорациясы арқылы кредиттер 85 жобаға 431 миллион теңге шамасында қаржы берілді.
– Кәсіпкерлік бастамаларға, дамытуға гранттар беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстарда нәтиже қандай? Қайтарымсыз қаржыны кәсіп ашуға алып, оны басқа мақсатқа жұмсайтын адамдар бар. Мұнымен қалай күресіп жатсыздар?
– 2О21-2О25 жылдаарға аpналған кәсiпкерлiктi дамытy жөнiндегi ұлтттық жоба шенберінде жаңа бизнес-идеялаpды iске асыpyға мемлекеттiк гpанттаp беpy Үкіметтің 2019 жыл 31 желтоқсанндағы № 1060 қаулысымен жүзеге асырылады. 2022 жылы Кәсiпкерлiктi дамытy жөнiндегi ұлтттық жоба шенберінде жаңа бизнес-идеялаpды iске асыpyға мемлекеттік гранттар беpy құралына 120 миллион тенге қаражат бөлінген болатын. Соның аясында тамыз-қыркүйек айларында гранттар беру конкурсы ұйымдастырылды. Облыста 673 кәсіпкер 3 миллиард тенгеден аса сомаға өтiнiм тапсырды.
Конкурсқа ұсынылған жобалардың бір-біріне ұқсас болуына, жаңашылдығымен ерекшеленетін жобалар үлесінің аз болуына орай, комиссия шешімімен 92,7 миллион теңге көлеміндегі 26 жоба қолдау тапты. Жалпы облыс бойынша 2019-2021 жылдары мемлекеттік гранттар беруге бюджеттен 461,2 миллион тенге қаражат бөлініп, 230 шағын кәсіпкердің жобалары қаржыландырылды. Мемлекеттік гранттар беру қағидасына сәйкес «Даму» кәсiпкерлiктii дамытy коры» акционерлік қоғамының мониторинг есебінің нәтижесімен міндеттемелерді орындамаған 35 кәсіпкермен грант беру шартын бұзған кәсіпкерлер анықталды.
2022 жылы берілген гранттар 2023 жылы тексерілетін болады.
Егер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының мониторинг есебін жүргізу нәтижесінде грант қаражатын мақсатсыз жұмсаған фактілері анықталған жағдайда, басқарма тарыпынан сотқа талап-арыз жолданып, сот шешімімен қаражат мемлекет мүддесіне қайтарылатын болады.
– Әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында берілетін 5 млн теңге грант төңірегінде дау-дамай шығып тұрады. 70-80 пайызы грант қаржысын өз мақсатына жұмсамайды. Бұл туралы не айтасыз?
– Биыл Кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегi ұлттык жоба аясында мемлекеттiк гранттар берудің тетіктеріне Үкімет тарапынан өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін 5 миллион теңге грантында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға артықшылық беруді алып тастау көзделіп жатыр. Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысушылары қатыса алады және грант сомасын бірлесіп қаржыландыру 20 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің біреуіне ғана грант беру мақсатында ескіру мерзімі 3 үш жылдан аспайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну міндеттелуде. Мониторинг жүргізу тәртібіне қатысты да өзгерістер бар. Яғни, мониторинг нәтижелерімен анықталған ескертулерді жою үшін кәсіпкерге бір реттік қосымша мерзім беріледі. Жоғарыды атап өткенімдей, бұндай жағдайлар орын алған жағдайда сотқа шағым түсіріледі.
– Тау-kен, мұнай-газ секторының жағдайы қалай? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Индyстрияландыру картасының шеңберінде таy-кeн металлypгuясын өркендету бағытында облысымызда бірнеше жоба іске асырылуда.
2020 жылы Арал өңірінде «АралКварц» серіктестігінің кварц құмын тау-кен байыту комбинатының І кезеңі іске қосылды. Байытылған кварц құмы шыны өндірісіндегі негізгі компонент болғандықтан, басты тұтынушысы болып табылады. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ай сайын шыны зауытына байытылған кварц концентраты жіберіліп жатыр.
«Шалқия» кен орны – дүние жүзіндегі ең ірі бес кеніштің бірі. Фабриканың құрылысын жүргізетін мердігер мекемені анықтау процедуралары 2022 жылы басталып, нәтижесі осы жылдың мамыр айында белгілі болады. Фабрика іске қосылса, бір мыңдай жұмыс орыны құрылады. Қуаттылығы жылына 4 миллион тоннаға дейiiн кeн өңдеуге жететін болады. Таy-кeн мeталлypгuя бағытындағы тағы бір жоба – «Бала-саyысқандық» кен орынын игеруге қатысты, 100 процент шет елдік uнвестордың қатысyымен жүзеге асырылып жатыр (Феppолоус pесоpсuз ltd). 2016 жылдан бері тәжiрuбелiк-өндiрiстiк кешен жұмыс жасайды.
«Баласауысқандық» ванаадий кенiшiнен 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 11,8 тн аммоний мета-ванадаты Ұлыбританияға, 11,2 тн феppо-молибден Ресей Федерациясына экспортталды.
– Соңғы кездері облыста өңдеу өнеркәсібінде оң өзгерістер бар. Сол туралы тарқатып айтып берсеңіз? Қандай кәсіорындардың экспорттық әлеуеті жоғары?
– Осы жылдың 3 айында өңдеу өнеркәсібі 4,6 процент өсіп, өнім көлемі 65,8 миллиард теңге болды. Көрсеткіштің өсіміне жеңіл өнеркәсіп саласында «АС-КА», «Далатекс» серіктестіктерінің, машина жасау саласында «Қамқор вагон», «Қамқор локомотив» және «Новомет» серіктестіктерінің, құрылыс индустриясындағы «Құрылыс», «KCM KZ», «Промстройматериалы», «Орда Строймарт», «LCI-MK», «Қуат», «Кемикал» және шыны зауытының өнім көлемінің артуы әсер еткен.
Сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасын дамыту бағытында облыста былтырғы жылы ірі жобалырдың бірі шыны зауыты іске қосылды. Қазан айында алғашқы өнімін шығарған болатын.
Былтыр 31,8 мың тонна өнім шығарып, Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жөнелткен. Осы жылдың қантар және наурыз айларында 2608 мың шаршы метреге жуық өнім шығарып, оның 465,3 мың шаршы метрі Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне экспортталды. Сонымен қатар, шыны зауытының жанынан құны 100 миллиард теңгеге жуық 8 ілеспе кәсіпорын құру жоспарланып отыр. Оның төртеуі – шыны талшықтар мен композитті материалдар, айна және жұқа шыны және шыны сыйымдылықтар шығару жобалары бойынша жобалау жұмыстары басталды. Қалған 4 жобаға инвестор іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, шыны зауыты тұрақты жұмыс жасап өнімін шығаруда.
– Өңірді дамыту орталығы ашылғанын білеміз. Оның функциясы қандай?
– Даму орталығы аймақтағы атқарушы органдардың қызметін стратегиялық маңызды болып саналатын бағыттарда күшейту жоспарланып отыр. Соның iшiнде, ауылшаруашылығы өнiмдерiн қайта өндеу, саyда-логuстuкалық әлеyетін пайдаланy, uнновацияларды қолданып өнеркәсiптi өркендету, цифрландырyға көшу, сонымен бірге адами капuталдың cапасын арттырy. Даму орталығы облыс әкімдігі жанынан құрылған ситyациялық орталықтың және жобалық кеңсенің жұмыстарын күшейтпек. Инвестицияларды тартуды ұлғайту бағытында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік рөлі арттырылады. Нәтижесінде, өңірде кәсіпкерлік және инвестициялық белсендiлiкті арттырyға ықпал ететiн болады.
– Индустрияландыру бағдарламасы аясында басқа қандай жобалар іске асты немесе алдағы уақытта қандай жобалар жүзеге асады?
– Индyстpuяландыру бағдарламасының бірінші және екінші бес жылдығында (2010-2020 жылдар) Сыр өңірінде 152 миллиард теңге болатын 31 жоба жүзеге асырылған болатын. Соның нәтижесіннде 13 өнiм түpi шығарылды. Атап айтқанда, өнделген газ, iлеспе газ, хuмuялық реагнттер, күкiрт қышқылы, асфальт бетон, кipпiш, сyт, тоmат, балық, ас және техникалық тұз өнiмдерi, мuя сығындысы, әк, цемент өнiмдерi. Осылардың ішінде бесеуі 15-тен астам шет елге – ҚХР, Ресей, Нидерланды, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Украина, Грузия, Монғолия, Латвия, Германия, Эстония, Әзірбайжан, Польша, Түрікменстан мемлекеттеріне экспортталып жатыр, сондай-ақ екі мыңдай жұмыс орыны ашылған.
2021 жылы құны 45 миллиард теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Олар – шыны, ас тұзы, керамзит, кyрiш өндеу өндірiстерi. 456 адам жұмыспен қамтылды.
Ас тұзы мен техникалық тұз шығаратын «Аралтұз» компаниясы – Индустрияландыру бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бағдарламаның үш бесжылдығы аясында үш испан цехын ашып, жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл өз кезегінде енбек өнiмділiгiн екі есе арттыруға, екі жүзден астам адамды жұмысқа тұрақты орналастыруға мүмкіндік берді. Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп, өнімдер шығарып жатыр.
Өзіңізге мәлім, керамзит блоктары құрылыста кең қолданылады. Ол кәдімгі кірпіштерді, басқа да көлемі үлкен, қымбат құрылыс материалдарының орнын ауыстырады. Бағасы қолжетімді. Сапасы жақсы, аязға төзімді. Осы керамзит блоктары өткен жылдың тамызынан бастап өзімізде шығарылып жатыр.
2021-2025 жылдарға арналған Бірiңғай индустрuяландыру картасының шеңберінде Қызылорда облысында 607,7 миллиард теңге болатын, толық қуаттылыққа шыққанда 6,3 мың адамды жұмыспен қамтитын 34 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда, қазіргі таңда соның бесеуі іске қосылған. Олар – бетон заyыты, балык өндеy, күрiш актаy цеxтары, балық ұнын шыгарy мен құрғақ кұрылыс коспалары өндiрiстерi.
2021 жылы техникалық тұрғыда іске қосылған шыны зауыты 2022 жылдың қазанынан өнім шығарып жатыр. Биылдан бастап Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресей мемлектетеріне өнімдерін экспортқа шығаруда. Өңiрiмiзде өзге де ірі инвестuцuялық жобаларды iске асырy бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Оның iшiнде агроөнеркәсіп саласы бойынша Жаңақорған ауданындагы «Қызылорда – Агpоплюс» серiктестiгiнiң томат пастасын өндіру жобасы. Коч Холдинг деген түріктің холдинг компаниясы – жобаның инвесторы. Әлемнiң 13 мемлекетінде қызанақ өндірісін дамытып отыр. Компания өзінің еншілес кәсіпорыны – Тат-пен бірлесе отырып, тамшылата суару тәсілімен 10 гектар аумаққа тәжірuбелік қызанак егіп, жоспарлағандай өнім жинады. Өткен жылдың тамызында осы жоба бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдігі, «0рбис Қазақстан» серіктестігі, «Tаt Гида» кәсіпорны арасында Жол каpтасы бекітiлді.
Бұл ауқымды жұмыстар Сры өңірі экономикасының дамуына оң әсер ететіні анық. Халықты тұрақты жұмыспен қамтуға да мол мүмкіндік береді.
– Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәз емес секілді. Осы салада жүрген кәсіпкерлерді ынталандыруға қаншалықты күш салып жатсыздар?
– Биылғы үш айда аймақтың жеңіл өнеркәсіп өндірiсінiң көлемі 186 миллион теңге болып, өткен жылдың сол кезімен салыстырғанда 23 процент өсіп отыр.
Бүгінде облысымызда жеңіл өнеркәсіп саласында 29 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 24 немесе 83 процент. Жеңіл өнеркәсібі көлемінің өсуіне «Далатекс» және «АС-КА» серіктестіктері зор үлес қосып жатыр. «Далатекс» серіктестігі биыл үш айда 2,9 мың дана, 2022 жылдың алғашқы үш айында 1,9 мың дана, ал «АС-КА» ЖШС биыл – 1,7 мың дана, өткен жылдың үш айында 1,5 мың дана өнім шығарған.
Сонымен қатар, биыл наурыз айының 20-22 күндер аралығы Шымкент қаласында оңтүстік өңірлердің – Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілген болатын. Оған біздің облыстан жеңіл өнеркәсіп саласындағы оннан астам кәсіпорын қатысты. Жәрмеңке жергілікті тауарөндірушілерді қолдау және өңірлердің өзара экономикалық ынтымақтастығын күшейтуді мақсат тұтты.
Биылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар өзгерді. Осы бұйрықтың 24-тармағында білім саласына жауапты органдар ата-аналарға мектеп формасын отандық, жергілікті өндірушілерден сатып алуды ұсынып отыр. Осыған орай, ата-аналар тарапынан қызығушылық білдірген жағдайда «Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының халықтық қауымдастығы» («Ас-КА» ЖШС, «Далатекс» ЖШС және тағы басқа) мектеп формасын жылына 100 000 данаға дейін тігу мүмкіндігіне ие болады.
– Инвестиция тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтсеңіз?
– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту. Осы ретте, 2026 жылдың қорытындысымен жалпы ішкі өнім көлемінде инвестицияның үлесін 25,1 процентке жеткізу міндеті қойылып, өңірлер бөлінісінде алдағы 5 жылдыққа арналған нысаналы индикаторлар бекітілді. Мемлекет басшысы YIII сайланған Парламенттiң бірiншi сессиясының ашылyында сөйлеген сөзiiнде де экономиканың негізгі салаларына инвестиция, соның ішінде шетелдік инвестициялар тарту қажеттігін атап өтті.
2022 жылы Сыр өңіріне 373,5 миллиард тенге инвестuцuя тартy uндuкаторы бекiтiлген болатын. Осы межені орындау үшін қала, аудан әкімдіктеріне индикатор бекітілді, арнайы Жол картасы әзірленді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 9,6 процентке артығымен орындалып, өңірге 409,5 миллиард тенге инвестиция тартылды. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 106,7 миллиард теңге немесе 26,8 процент өсті. Атап өту қажет, көрсеткіштің өсу қарқыны және жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша облыс өңірлер арасын да І орында.
Жалпы инвестиция құрылымында жеке инвестициялардың көлемі жыл сайын ұлғайып жатыр. 2021 жылы – 219,5 миллиард теңге болса, 2022 жылы – 301,3 миллиард болды. Инвестицияның салалық құрылымына тоқталатын болсам, өңір экономикасында өнеркәсіп саласына тартылған инвестицияның көлемі – 165,3 миллиард теңге болды. Қаражат негізінен мұнай және уран компанияларымен жаңа және қосымша мұнай ұңғымаларын бұрғылауға, жөндеуге, кеніштерді цифрландыруға бағытталған.
Сонымен қатар, индустриялық жобалар есебінен 42 миллиард теңге, «Қызылорда-Жезказған» автодәлізіның құрылысына 19 миллиард, «Бәйтерек» ғарышайлағы кешеніне 10 миллиард, жеке құрылысқа 85 миллиард теңге тартылған. Өңір дамуының былтырғы жылғы басты жетістігі – жылына 197 мың тонна өнім шығаруға қабілетті шыны зауытының іске қосылып, қазан айынан бастап өнім шығаруы. Шыны зауытының аясында өңірге барлығы 42 миллиард тенге инвестиция тартылды. Былтыр зауыт 31,8 мын тонна шыны өндiрiп, Астана, Алматы, Шымлкент қалаларына жөнелтті. Биылдан бастап кәсіпорын өнімін Өзбекстан еліне экспорттап жатыр.
Үкімет бекіткен жоспар бойынша, биыл облысқа 424,2 миллиард тенге инвестиция тарту қажет. Биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен игерілетін инвестиция көлеміне талдау жүргізілді. Соның нәтижесінде, қолда бар инвестиция көлемі – 412 миллиард теңге шамасында анықталып, қосымша резервтер (12,2 миллиард теңге) іздестірілуде.
Биыл бірінші тоқсанда аймаққа 80,3 миллиард тенге инвестuция тартылды, өткен жылдың сол кезенімен салыстырғанда 52,2 процент немесе 28,9 миллиард теңге артық тартылған. Былтыр бірінші тоқсанда 51,4 миллиард теңге болған еді. Бекітілген жоспарды орындау үшін былтырғы жылдың оң тәжірибесі негізінде қала және аудан әкімдіктеріне меже бекітіліп, арнайы Жол картасы әзірленді. Құны 12 миллиард теңге болатын «Қорқыт ата» әуежайы жаңа термuналының құрылысы басталды.
Бұған қоса, биыл түрік инвесторларымен бірлесіп құны 215 миллиард теңге болатын жаңа жылу орталығының құрылысын бастаужоспарланып отыр.
Қуаттылыгы 240 мегаватқа жететін жаңа орталық аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін және тарифті сақтауға мүмкіндік береді. Атап өту қажет, бұл соңғы жылдары елімізде шет елдік инвесторлардың қаражатымен жүзеге асырылып жатқан ең ірі тендессіз жоба. «Тат Гида» түрік компаниясымен өңірде инвестицuя көлемі 50 миллион АҚШ доллары болатын қызанақпастасын шығаратын заyыт салынады деп көзделіп отыр. Оның құрылысына қажетті жер телімі берілді, арнайы Жол картасы бекітілді. Зауытқа инфрақұрылым жеткізу мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр.
Металлургuя саласы бойынша жаңа кеніштерді игеру бағытында екі инвестицuялық жоба I ске асырылyда. «Шалқuя» қорғасын-мырыш және «Бала саyысқандық» ванадий кеніштерi н игеру жобалары аясында биыл 35 миллиард тенгеден астам инвестицuя игеру жоспарлануда. Осы екі жоба іске қосылса, барлығы 300 миллиард теңге тартылады. Сонымен қатар, шет елдермен жаңа байланыстар орнатып, инвестицияның жаңа толқынын тарту мақсатында биыл сәуірде Мәскеу, Ташкент қалаларына және Моңғолия мемлекетіне, мамыр айында «Ташкент-Науаи-Нукус-Самарқанд», Оңтүстік Кореяға іссапарлар ұйымдастырылады.
Оған қоса, шыны зауыты айналасында 8 ілеспе кәсіпорын (композиттік материалдар, айналар, ультра жұқа шыны және т.б.) құру бойынша қытайлық, неміс және түркиялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Бұл ретте, наурызда Шымкент қаласында өткен өңіраралық инвестициялық форум аясында шыныны жеткізу және ілеспе жобаларды жүзеге асыру бойынша 3 Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының даму орталығы құрылып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, мемлекеттік органдар, даму институттары және бизнес субъектілері арасындағы тиімді байланыс орнатылуда. Атқарылатын жұмыс нәтижесінде биыл бекітілген тікелей шетелдік инвестиция көрсеткішіні 24 процентке артығымен орындау көзделуде. Яғни бекітілгені 273 миллион АҚШ доллары, жоспарланғаны – 338,6 миллион АҚШ доллары.
— Сұхбаттасқаныңызға рахмет.
baq.kz