Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау туралы не білеміз?

Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау туралы не білеміз?

Бүгінгі  біздің сұхбатымыз Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысының м.а Ақгүл Түгелқызы Балшамбаевамен «Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау  туралы не білеміз?» тақырыбында өрбімек.
Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау не үшін қажет және қандай ауруларға қарсы жүргізіледі?
– Әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау иммунитетті күшейту және ағзаны көптеген ауыр вирустық және бактериялық жұқпалы аурулардан қорғау үшін жүргізіледі. Вакцинациялау немесе профилактикалық препараттарды енгізу 20 түрлі инфекцияғақарсы жүргізіледі. Екпелер балаларға да, ересектерге де жасалады,бұл ретте оларды ең жоғары тиімділік үшін бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес алу ұсынылады. Ұлттық егу күнтізбесі бойыншаекпе жүргізілетін инфекциялар қатарынатуберкулезге қарсы (БЦЖ);гепатитке қарсы;полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС);b типті гемофильді инфекция;пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық және паротит (шошқалар) және басқа да инфекциялар жатады.
– Жұқпалы ауруларға қарсы егілудің қандай маңызы бар?
– Вакцинация жүргізудің арқасында жоғарыда аталған инфекциялардың ауру деңгейі азайып, өлім көрсеткіші төмендеді, ал тиімді вакцинаның арқасында қара шешек пен полиомиелит аурулары жойылды. Вакцинациялау құрөзектен, сіреспеден, көкжөтелден және қызылшадан жыл сайын 2-3 миллион өлімнің алдын алады.
– Вакциналау Қазақстан Республикасында қалай жүргізілуде,екпе алмаған жағдайда қандай салдары бар ?
– Қазақстан Республикасында балаларды вакцинациялау Қазақстан Республикасының профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, дәрігердің алдын ала тексеріп-қарауынан кейін, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және заңды өкілдерінің бірінің ерікті келісімі бойынша жүргізіледі. Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, (мысалы, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған).
– Қазақстанда тұрғындарды вакцинациялау үшін қандай вакциналар қолданылады?
– Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің емшарасынан өткен вакциналар қолданылады. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай-ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі. Балаларды екпемен қамтамасыз ету мақсатында, вакцинаның өндірілуі ДҰҰ сертификатталған, сапасына кепіл берілген вакциналар Қазақстанда сатып алынады.
– Сұхбатыңызға рахмет!
19 қараша 2024 ж. 81 0