Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Президенттікке үміткер Дания Еспаева: Әке-шешемнен ерте айырылғандықтан жетімдігімді бәрі бетіме басатын

Президенттікке үміткер Дания Еспаева: Әке-шешемнен ерте айырылғандықтан жетімдігімді бәрі бетіме басатын

Президенттікке үміткер Дания Еспаева қиын тағдыры мен мансаптық жолын айтты. Дания Еспаевамен Баян Алагөзова сұхбаттасты.

Дания Еспаеваның айтуынша, ол 1 жасында анасынан, 12 жасында әкесінен айырылған. Жетімдіктің зарын тартып, қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген. Ауылдан шыққан қыз соған қарамастан, мансабында сатылай өсіп, президентке үміткер деңгейіне жетіп отыр. 
"1 жасымда анам қайтыс болған. 12 жасымда әкем қайтыс болды. Ақтөбе облысында шағын ауылда өмірге келдім. Мен туғанда әкем 61 жаста болған. Анам 47 жасында мені өмірге әкелген екен. Әкем зейнетақысымен 4 баланы асырады. Мен ең кенжесімін", - дейді Еспаева. 
Президентке үміткер бала күнінде болған жайттың мәңгіге жадында сақталып қалғанын айтты.
"1-сыныпқа барғанда ағамның пальтосын кию керек болдым. Себебі жағдайымз жақсы болған жоқ. Сонда балалар мені мазақ етіп, "кімнің пальтосын киіп алғансың?" деп күлді. Сол күні үйге жылап қайттым. Әпкем пальтоның сыртын барқыт матамен жауып тігіп берді. Ол бір ғана оқиға. Балалығым осылай өтті. Әкем 12 жасымда қайтыс болды. Сол кезде көрші орыс апа "сен енді тұл жетімсің" деген еді. Осындай жағдайды көзбен көре мен өзімді танытам деп мақсат қойдым. Мектепте жақсы оқыдым. КазҰУ-дың заң факультетіне құжат тапсырып, түспей қалдым. Кейін есеп жөніндегі техникумға бардым. Ол үшін өкінбеймін. Себебі, содан бастап қаржы саласында болдым. Қарапайым жұмысшыдан бастап, басшылыққа дейін сатылай өстім. Ақыры президенттке үміткер болдым", - дейді Дания Еспаева өмірбаянын қысқаша баяндай отырып. 
Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.

http://stan.kz 

03 маусым 2019 ж. 889 0