Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты

Халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұқбат берді.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында хабарлады .
"Елбасы "Хабар" телеарнасына сұқбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев "қос билік" жайлы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, президент өкілеттігін неге тоқтатқанын айтты", - деп жазды ол.
Журналист Назарбаевтан президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанына өкінбейсіз бе деп сұрады.
"Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды. Біріншіден, мемлекет басқарған жылдары мені сайлаған халқыма алғыс айтамын. Екіншіден, өзгерістер қажет. Дүние бір орында тұрмайды, жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адамның өз көзқарасы болады. Сондықтан өкінбеймін, халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс жасадым деп санаймын", - деді тұңғыш президент.
Твиттерде Назарбаевтың журналистерге берген сұқбатынан үзінді жарияланды. Сұқбаттың толық нұсқасы "Хабар" телеарнасынан ертең кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев  2019 жылдың 19 наурызында өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлім етті. Ол Қазақстанды отыз жылдай басқарды. Елбасы бір сұқбатында президенттік өкілеттігін тоқтатуға үш жылдан астам уақыт дайындалғанын айтқан болатын.


11 қазан 2019 ж. 1 223 0