Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» ДҮЙСЕНБІ АУЫР КҮН БЕ?

ДҮЙСЕНБІ АУЫР КҮН БЕ?

Қазақ әу бастан сәрсенбіні сәтті күн санайтыны белгілі. Ал дүйсенбі ше?
Аптаның осы күніне келгенде көпшіліктің көңілі сәл пәс түсіп, жұмысқа жүрдім-бардым баратыны белгілі. Сенбі, жексенбідегі көңілді күйге бірден кірбің ұялайтындай дүйсенбінің діні қатты болғаны да, бәлкім?
Орыстар демалысты «жуумен» өткізіп, сатулы ауруға ұшырағасын айтады. Ал, қазекең ше, шамасы тойдан шаршағасын амалсыз мойындайды-ау.
Сіз бұны қайдан шыққан «дерт» деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл ілгеріде де іркіліс білдерген жәйт. Мысалы, ескіше оқыған аталарымыз сенбіні ауыр санаған екен. Мұның себебі бар. Сәрсенбі сәтті саналып, бейсенбі күнгі бейсенбілік молданың «қаһарынан» құтқарған. Ал, жұма – мұсылманның мәуелі мерекесі. Сонда сенбіден басталатын сабақ оқушыға оңай тие қоя ма? Бұл тұрғыда аталарымыздан қалған мына өлең сөзімізге дәлел.
Салдыр-салдыр сәрсенбі,
Сағынғаным бейсенбі.
Жұма біздің досымыз,
Сенбі біздің қасымыз,- деген. Осыдан кейін дүйсенбінің қандай күн екенін айтпасақ та түсінікті шығар.

Қ.ҚҰРБАН
---
04 сәуір 2018 ж. 2 113 0