"Бала және отбасы" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Профилактикалық шара барысында аудандық полиция, ішкі саясат бөлімінің және прокуратура қызметкерлері бірлесіп, аудан көлеміндегі ойын-сауық орындарын аралап, мектептерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде белгіленген уақыттан кейін ойын-сауық орталықтарында жүрген 12 кәмелетке толмаған оқушы анықталды. Соған сәйкес аудандық полиция бөлімімен ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен 12,127 бабының 3-бөлігімен 3 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 3 қолайсыз отбасы анықталып, полиция бөлімінің профилактикалық есебіне қойылды.
Мұнымен бірге аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебіндегі «қолайсыз отбасы» санатымен тұрған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау туралы отбасы құндылықтары жөнінде түсіндірме жүргізілді.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі