Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Білім мен білік дағдысының кепілі

Білім мен білік дағдысының кепілі

Маманға берілетін мүмкіндік көбіне білім алумен емес, тәжірибе негізінде келеді. Олай дейтініміз, өтпелі кезеңде өмірлік бағытқа бет алған жас буын үшін мамандық таңдауда жаңылмау маңызды міндет болып табылмақ.
Арал индустриалды-техникалық колледжінің нәтижелі жұмыспен қамту «Еңбек бағдарламасы» аясында білім алатын студенттеріміздің дуальды оқыту жүйесіне енген тәртібі бойынша кәсіптік практиканың (оқу, өндірістік, технологиялық) теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясының тәжірибеде нәтижелігі зор екендігіне талдау жұмысын жүргізу мақсатында Арал қаласында орналасқан ЖК «Нысанов М», ЖК «Жумахметова К», ЖК «Келжанова А», ЖК «Ай-Аружан», ЖШС «Agro fish2020», тағы басқа кәсіпкерлер базаларында кездесулер болды.
Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты – техникалық кәсіптік оқыту орындарының жұмыс беруші сектордағы жеке немесе өндіріс, шаруашылық мекемелермен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке қабілетті инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарды даярлау. Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне жұмылдыру. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі мол.
Колледж бойынша дуальдық жүйеге енген тәлімгерлердің ұсыныс-пікірлері тындалды, болашақ мамандық иелеріне мамандығының қажеттілігі пен перспективасының маңызын түсіндіріп өтті. Бұл бағытта бірлесе жұмыс жүргізіп жатқан мүдделі мекемелер маман даярлу ісінде осы бастан дуальды оқыту жүйесінің тиімділігіне баса назар аударады. Бұл кездесу соның басты айғағы болса керек.
(Өз тілшімізден)
---
13 маусым 2022 ж. 343 0