Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» 400 түп ағаш көшеті отырғызылды

400 түп ағаш көшеті отырғызылды

Арал қаласының 95 жылдығы аясында аудан орталығына 400 түп терек көшеті отырғызылды.
Дана халқымыз "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Бабалар ізімен жалғасқан сара жол бүгінгі буынның да басты ұстанымына айналған. Оған дәлел бүгінде ауданымызда көгалдандыру және тал егу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.
Келелі іс бүгінде өз жалғасын тапты. Арал қаласының 95 жылдығы аясында аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың бастамасымен және аудан ардагерлері, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 400 түп терек көшеттері отырғызылды. Алдағы аптада қосымша 400 түп ағаш егілетін болады. Жас көшеттерді мәуелі ағашқа айналдыру мен күтіп баптау жұмыстары «Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» қолдауымен жүзеге асырылмақ.
Айта кетейік, шаһарға кіре беріс жолдағы жасыл белдеуде 2 гектар жер абаттандыру үшін арнайы бекітілген. Белгіленген жерді көркейтіп-көгалдандыру және тұрғындар демалатын орынға айналдыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
"Толқын" ақпарат
---
24 қазан 2022 ж. 293 0