Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағаш көшеттері отырғызылды

Ағаш көшеттері отырғызылды

Кеше аудан әкімі С.Сермағамбетов ауданның Сыр беткейіне сапарлап, қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарды сауықтыру мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстармен танысты.

Алдымен Қамбаш олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының ауласында өткен ағаш отырғызу шарасына қатысты. Бұл маңға терек, қара тал, үйеңкі және туя ағаштарының 450 түп көшетін отырғызылды.

Аталмыш шараға Сыр беткейдегі мектеп ұжымдары айрықша атсалысты. Көл жағасындағы қосымша білім беру орталығының ауласында өткен ағаш отырғызу шарасына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің басшысы және мектеп директорлары мен бірқатар сала мамандары қатысты. Қатысушылар табиғат аясындағы тағылымды шараның басы-қасында болып, бүгінгі күннің естелігіне айналар ерекше сәтке куә болды.

Аудан әкімі отырғызылған ағаштарды уақытылы суарып, күтіп-баптау мәселесінде жауапкершілік танытуды тапсырды. Алдағы уақытта қосымша білім беру орталығының ауласын тиімді пайдаланып, қажет болса бау-бақшаға айналдыру қажеттігін айтты.
"Толқын" ақпарат

28 сәуір 2022 ж. 772 0