Көктемгі диета қандай болуы керек?

Ол жаңа маусымға денені қалпына келтіру үшін қажетті дәрумендердің көп мөлшерін қамтитын жасыл, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынуды ұсынады.
"Көктемнің басталуымен тамақтанудың таптырмас құрамдас бөлігі - жасыл желектер. Біз өскіндерді, өскен дәндерді, микрожасылдарды барлық тағамдарға қосамыз. Сондай ақ жасыл пияз туралы да ұмытпау керек. Оның күшті антиоксиданттық қасиеттері бар. Ол денсаулықты жақсартып, иммунитетті көтеріп, жастық және сұлулық қалпыңызды сақтауға көмектеседі", - дейді Жанна Коробейникова.
Сонымен қатар, сарапшы «Гарвард тақтасы» ережесін сақтауға кеңес береді. Ол тәрелкенің жартысын көкөністерге, шөптерге, жемістерге немесе жидектерге, төрттен бірін ақуызға және төрттен бірін күрделі көмірсуларға толтыру керек деп есептейді.
Фото: ашық дереккөз