Балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі

Ойыншықтар жасалатын материалдар пайдалануға рұқсат етілуі тиіс, модельді ортаға зиян химиялық заттардың миграциялануының көзі болмау керек. Ойыншықтардың қорғаныс- декоративті жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы қажет. Ойыншық бөлшектері функционалды механикалық ауыртпалықтарға төзімді болуы керек.Ойыншықтың жиектері,өткір ұштары, баулары, арқандары мен бекіткіштері балаға зақым келтіру қаупін тудырмауы қажет. Ойыншықтар өрт және жарылысқа қауіпсіз болуы шарт.
Балаларға арналған өнімдер уақыт өте келе улы заттарды түзе отырып ыдырамайтын материалдардан жасалуы керек (мысалы,металл бөлшектерінің қышқылдануынан). Құрамында ауыр металдар – кадмий, қорғасын, сынап аз мөлшерде ғана болуы керек. Металл бөлшектердің, пластмасса құрамы, бояулар мен қаптама материалдарының химиялық қасиеттері бөлек тестіленеді. Ойыншықтардың қаптамасы мен маркерленуіне техникалық регламент қойылады. Құжатқа сәйкес, ойыншықтың жеке немесе топтастырылған қаптамасы болуы керек. Ал маркерленуі, яғни қаптамадағы жазулар өнім туралы толық ақпарат беруге тиіс.
Бұл ойыншықтың атауы, ойыншық жасаған өндіруші мемлекеттің аты,өндірушінің атауы және оның орналасқан жері, ойыншық арналған баланың ең төмен жасы мен өзге де пайдалы ақпаратты білдіретін пиктограмма болуы тиіс.
Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне мән беру керек,бұл арқылы оның сапасын жанама түрде білуге болады, өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмау керек. Пластмассадан жасалған ойыншықтарда жеңіл-желпі бояу болмайды, пластмассада бояуға жол беріледі. Оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен ысып көріңіз, егер сүлгіге немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмағаныңыз абзал. Ойыншықты қолыңызбен жүргізіп көріңіз, онда майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек, ақырын ғана тартқылап және сілкілеп көріңіз: ойыншықтардың бөлшектерінде берік бекіткіштер болуы керек, қуыршақтың жасанды шаштары дұрыс әрі қатты жапсырылуы керек.
Қазақстанның сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтарда өндіруші мемлекетіне қарамастан, жүргізілген зерттеулерге негізделген сәйкестік сертификаттары, яғни олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаты болуы керек.
Балаға деген шынайы махаббатыңыз, ең алдымен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден көрінеді.
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы