Бүлдіршіндер ордасына 10 жыл
Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту
ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты.
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,
экономикалық өсім, қоғамдық
оптимизм» атты Жолдауынан
ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты.
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,
экономикалық өсім, қоғамдық
оптимизм» атты Жолдауынан
«Маңызды мәселенің бірі – білім беру жүйесі. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде үлкен рөл атқарады. Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек» деген Президенттің сөзінен-ақ елімізде бүлдіршіндерге көңіл бөлу қай деңгейде жүргізіліп жатқанын жаңылмай аңғаруға болады. Бұл мәселе төңірігенде ауданда да келелі жұмыстардың желісі бір сәт үзілмеген. Үзілмек те емес. Оған нақты дәлел ретінде өзім басшылық жасап отырған бір ғана «Сартай» бөбекжай-бақшасындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды айтсақ болады.
Қазірдің өзінде мұнда талай жанды қуанышқа кенелтіп, істелген жұмыстың нәтижесінде биік белестерді бағындырып үлгерген бүлдіршіндер аз емес.
Расында, жұмыстың нәтижесі жай сөзбен Иә, баланың жайын баққан біледі. Күнделікті баланың дамуы үшін дамылсыз еңбек етіп, ел болашақтарын саналы ұрпақ ретінде қалыптастырып, олардың кедергісіз өсіп-жетілуіне жағдай туындатып отырған бұл мектепке дейінгі білім беру мекемесі қазіргі таңда аудандағы алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі. 2014 жылдың қарашасында сол уақыттағы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен ашылып, пайдалануға берілген балалардың бақыты үшін еңбек ететін орталық 280 балаға арналып салынған. Бүгінде осы нысан 100% өз мақсатын атқаруда. Мұнда 280 бала білім мен тәрбиенің бастауын бойына дарытып жатса, бүлдіршіндердің қылығы мен қызығына тоймай, солардың қуанышын өз бақытына балап жүрген 34 педагог еңбек етеді. Мұндағы жайлылық пен тазалықты, өзге де балаларға қажеттілікті қамтамасыз етіп отырған 39 техникалық қызметші бар.
Тағы бір айта кетерлік артықшылық балалардың қалыптасуына, ерте жастан өзіне сай өнерге бейімделіп, ары қарай жетілуіне мол мүмкіндік бар. Тіпті дамуында кемшілік бар балаларға көрсетілетін көмек те қарастырылған. Бөбекжайдағы 12 топтың балалары ән-әуез, өзін-өзі тану залдарынан бөлек логопед бөлмесі, музыка және хореограф ұйымдастырушысы, денешынықтыру нұсқаушысының көмегімен келешекте әр өнердің иелері болып шығатыны шүбәсіз.
емес белгілі бір жетістікпен көрініс тапқанда ғана шынайы бола түседі. Бұл бұрыннан келе жатқан заңдылық. Сондықтан сөз арасында балақайлар мен осындағы мұғалімдердің жетістігін атап кеткен артық болмас.
Кеше ғана тарих қойнауына аттанған жыл балабақша ұстаздары үшін табысты болды. Осыған дейін де әдістемелік бағдарлама жасап шыққан балабақша мұғалімдері биыл да осы үрдістен таймады. «Балабақшада ойын арқылы балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту» тақырыбында авторлық бағдарлама жазған С.Кәрімова мен Г.Дүйшенованың еңбектері бүгінде балабақша тәрбиешілері үшін таптырмас көмек десек болады. Бұл бағдарлама тек ауданда емес облыс көлемінде таратылды. Осының өзінен мұндағы мұғалімдердің тәжірибесі мен баламен жұмыс жасаудағы біліктілігін білуге болады.Мұнан бөлек өнерге жаны құштар, би мен әнге көңілі ауып тұратып бүлдіршіндер жыл көлемінде түрлі жарыстарда бой көрсетті. Ал нәтиже төмендегіше.
Балабақшаның музыка жетекшісі Айнагүл Кимбаеваның жетекшілігімен республикалық «Жарқын болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен VII Халықаралық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауына қатысып, қос бірдей номинация бойынша жүлделі І және ІІ орынды жеңіп, абыройды асырса, республикалық «Дарын» байқауында ІІІ орынмен, қалалық «Айналайын» балалар өнер фестивалінде арнайы Алғыспен марапатталды.
Ал хореография жетекшісі Ақерке Мэлсовадан тәлім алған балғын бишілер де балалар арасындағы талай доданың шаңын шығарды. «Біз өмірдің гүліміз» атты республикалық байқауда ІІ орынмен, «Жарық жұлдыз» республикалық балалар өнер байқауында ІІІ орынмен баршамызды қуантты. Сондай-ақ балабақша бүлдіршіндерінен құралған «Еркем-ай» би тобының балақайлары Азиза Тілектес, Айзере Қорғанбекқызы, Ақлима Қанибай, Айша Жалаладин 1 маусым – балалар күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі аудандық «Әнші балапан» байқауының би жанры бойынша ІІ орынды жеңіп алса, қалалық «Айналайын» жарысында арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ музыка жетекшісі Мейрамкүл Ақназарованың шәкірті Адина Қараман республикалық «Біз өмірдің гүліміз» байқауында түкпір-түкпірден жиналған әнші балақайлардың арасында оза шауып, бас жүлдені еншіледі.
Өзім осында басшылыққа келгелі де жемісті еңбек пен жетіскке толы жол толассыз жалғасып келеді. Нақтырақ айтар болсам, 2023 жылдан бастап балабақша жақсы бағдарынан, бұрынғы бағытынан таймай, түрлі деңгейдегі шараларда бой көрсетті. Мәселен, 2023 жылдың 12 ақпан күні Халықаралық «Өрлеу-өркендеу» ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының «Жаңашыл ұстаз», «Бақытты балабақша» байқауларына бірқатар педагогтеріміз қатысып І дәрежелі дипломдармен марапатталса, сол жылдың 7 наурызы күні бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешісі А.Әбенова облыстық білім басқармасының және білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, әдіскер Г.Жарымбетова облыстық білім басқармасының алғыс хатымен және ірқатар қызметкерлерге аудандық Арал білім қызметкерлері қәсіподағы комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды. 26 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Достық бекеті» тақырыбындағы облыстық бейнеролик байқауы қашықтан өткізілді. Сол байқауда бөбекжай-бақшамыз жауапты педагог М.Түгелқызының еселі еңбегінің арқасында ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Сонымен бірге «Өрлеу» БАҰО тренерінің Арал ауданы бойынша өткізіп жатырған курсы барысында КМҚК «Сартай» бөбекжай-бақшасының бір қатар педагогтері «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетін талдау» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетіп, «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында баланың дамуын қолдау тәжірибесі» тақырыбында өткен семинар-практикумда баяндама жасап бөбекжай-бақша тәрбиешісі Г.Тыржанова Алғыс хат иеленіп, «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық журналына өз іс-тәжірибелерін насихаттап, материалдар жариялағандары үшін бөбекжай-бақшамыздың бірқатар тәрбиешілері сертификаттар иеленді және де ұстаздар тәжірибесін республика деңгейінде насихаттауда белсенділік көрсеткені үшін Г.Жақсығұлқызы алғыс хатпен марапатталды.
Ал биыл «Мен жастарға сенемін!» атты балабақша тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған Мағжан Жұмабайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауына бөбекжай-бақшамыздың бір топ бүлдіршіндері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар бүлдіршіндерді байқауға дайындаған жетекшілері Алғыс хат иеленді. Білімқұмар балаларға арналған «Үркер» марафонына бүлдіршіндерді сапалы дайындағаны үшін бөбекжай-бақшамыз республикалық «Үркер» IQ орталығының «Зияткер балабақша 2023-2024» номинациясымен марапатталып, кубок иеленді. «Оқу-ағарту» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ғажайып математика» онлайн байқауына бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері қатысып І және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ал 2024 жылдың наурыз айында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының аудандық кезеңінде бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешісі К.Абдраманова гран-при иегері атанса, облыстық кезеңде «Шебер педагог» номинациясымен марапатталды.
Бұл тек ауызға іліккендері ғана. Мұнан бөлек өнер, шығармашылық бағатындағы шараларда ауданды, облысты, еліміздің әр қаласында топ жарған тәрбиешілер мен балақайлар жайлы көптеп айта беруге болады.
Иә, қоғамның келешегі, бүгінгі бір-бір үйдің бақытына айналған бүлдіршіндердің болашағын тәрбиелеуде, ерте жастан-ақ білімге, қоғамға қалыптастыруға алдағы уақытта да талмай, тынбай жұмыс істеу біздің міндетіміз. Ал бізге демеу беріп, сенім артқан ата-аналардың сенімі бізге одан әрі шабыт сыйлайды. Бұған қоса мемлекеттен жасалған қолдау мұндағы әрбір қызметкерді тіпті жігерлендіре түсері сөзсіз. Сондықтан аудан халқын алда талай рет қуантатынмызға сенім мол.
Күлшат ЖАЛҒАСБАЕВА,
«Сартай» бөбекжай-балабақшасының меңгеруші