Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» «ҮЗДІК АТА-АНА-2026» байқауы өз мәресіне жетті

«ҮЗДІК АТА-АНА-2026» байқауы өз мәресіне жетті

Жақында ғана мектебімізде өткен ата-аналар арасында кітап оқу мәдениетін ұлықтаған «ҮЗДІК АТА-АНА-2026» байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды марапаттаған болатынбыз.
Сол айтулы додада білімі мен парасатымен озып шығып, Бас жүлдені иеленген ата-анамыз Ақбергенова Айгүл Дарханқызы өзіне бұйырған жолдамамен бүгінде еліміздің бас шипажайы — әйгілі «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру кешенінде демалып, ем алуда.
Бала тәрбиесіне, оның ішінде кітап оқу ісіне ерекше көңіл бөліп, мектеппен тығыз байланыста жүретін Айгүл Дарханқызы үшін бұл саяхат рухани серпіліс қана емес, денсаулығын нығайтуға арналған тамаша мүмкіндік болды. Байқаудың бас сыйлығы қағаз жүзінде қалмай, ата-анамыздың игілігіне айналғанына ұжымымыз дән риза.
Бас жүлде иегері Айгүл Дарханқызының демалысы мен емі сәтті өтсін дей отырып, отбасына амандық, бала тәрбиесіндегі ізгі істеріне береке тілейміз! Өскелең ұрпаққа үлгі болар зиялы ата-аналарымыз көп болсын!
---
05 шілде 2026 ж. 98 0