Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Актер өзімен аттас адамның билетін пайдаланып демалысқа ұшып кетті

Актер өзімен аттас адамның билетін пайдаланып демалысқа ұшып кетті

Ұлыбританиялық комедия жанрының әртісі Росс Смит өзімен аттас бейтаныс адамның билетін пайдаланып, демалысқа ұшып кетті.

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
28 жастағы актер  Facebook парақшасынан Росс Смит атты досымен демалыс күндері Гамбургқа баратын үш белгісіз жас жігіттен хат алды.
Дегенмен, сапар қарсаңында Смит демалысқа бара алмайтындығын айтқан. Содан оның достары осы аттас кез келген адамға жолдастарының билетін ұсынбақшы болған.
«Менімен аттас достарының орнына баруға шақырту жіберген кезде күліп жібердім. Бастапқыда олардың ұсынысынан бас тартпақшы болды. Бірақ досым маған баруға міндеттісің деп, райымнан қайтарды.Бұл өзі қызық оқиға. Бұрын ешқашан көрмеген адамдармен кездесіп, бірге демалу қызық екен. Мен олардан қалай қорықсам, оларда менен дәл солай үрейленеді», – дейді актер.
Смит бейтаныс жігіттерден келген шақыруды қабыл алды. Ол Лондон Станстед әуежайында Том Мэтьюсон, Ян Пирс және Джонни Гарднеровпен кездесті.
Сапардың қалай өтіп жатқаны жайлы Росс Смит өзінің Facebook және Twitter-дегі парақшасында хабарлап отыр.
01 сәуір 2018 ж. 1 198 0