Испания портында кеме аударылды

«Бортында тоғыз экипаж мүшесі бар Nazmuye Ana кемесі Кастельон портында контейнерлерді тиеу кезінде аударылған», - делінген хабарламада. Салдарынан үш азамат зардап шекті, олардың екеуі – Испания азаматтары. Одан бөлек, із-түзсіз жоғалған екі адам іздестірілуде. Кеменің аударылу себебі анықталуда. EFE агенттігінің дерегінше, кеме панамалық тумен жүрген.