Ресей короновирус инфекциясының үшінші толқынын өткеруде

Мәскеу мэрі С.Собянин Ресей астанасындағы эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын хабарлады. Оның мәліметтеріне қарағанда, қаладағы вирустың таралу көрсеткіші өткен жылғы ең жоғары мәндер деңгейіне жеткен.
Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам адам ауруханада жатыр. Тек өткен тәуліктің өзінде індеттен 70 науқас көз жұмған. Ресейде соңғы 24 сағат ішінде COVID-19-дың 13,3 мың жаңа дерегі тіркелген.
egemen.kz