Қытай тарапы қазақстандық жүк пойызының қаншасын қабылдамай тұр?

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов пандемияға байланысты Қытай тарапы өткен жылдың қараша айында вагондардағы азық-түлікті қабылдауды тоқтатты.
Оны ондай вагондардың ішінде вирустың қалдықтары қалуы мүмкін екенімен түсіндірді. Ақпан айында олар жүкті қабылдауды бастады. Қазір шекарада вагонда тұрған азық-түлік жүгі жоқ. Алайда Қытай үкіметі мен теміржолшылары жабық вагонда азық-түлік жіберуге тыйым салды. Қытай тарапына қазір «биг-бэгпен» жүкті тапсырып жатыр. Оны қабылдаған себебі - адами фактордың болмауы. Қалған жүктер бойынша ешқандай мәселе жоқ, - деді Әлмағамбетов.
Оның айтуынша, жалпы экспорт пен транзиттік жүк бойынша мәселе бар.
Себебі Қытай тарапы эпидемиологиялық шараларды қатаң ұстанады. Қызметкерлер әр үш күн сайын ПТР-сынама тапсырады. Вакцинациясыз қызметкерлер шекараларда мүлдем жұмыс істемейді. СЭС-тің тексеруінсіз бірде-бір жүк ашылмайды. Бүгінгі таңда «Достық» бағытында 72 пайыз, «Алтынкөл» бағытында 25 пойыз тұр. Контейнерлік пойыз жоқ, ол мамыр-маусым айларында жіберілген астық пен жер қойнауы материалдары болып отыр. 3500-4000 вагон «Достық» бағатында, «Алтынкөл» бағытында 1500 вагон тұр, - деді ол.
baq.kz