Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кабулда барлық айырбастау пункттері жабылды

Кабулда барлық айырбастау пункттері жабылды

Кабулда барлық қалалық айырбастау пункттері жабылды. Бұған Ауғанстан Орталық банкінің жұмысындағы проблемалар себеп болғандығын айтты айырбастау пункттері жұмысшылар кеңесі, деп хабарлайды Life.

Біз отандастарымызға айырбастау пункттерінің қызметі Орталық банк пен жеке банктердің проблемалары шешілгеннен кейін ғана қайта жаңғыртылатынын хабарлаймыз, – делінген Кеңесте.
Айта кетерлігі, Ауғанстан Орталық банкінің ресми сайтында белсенділік соңғы рет 15 тамызда, радикалды «Талибан» қозғалысының содырлары қалаға кіріп, елдің барлық аумағына бақылауды жариялаған күні байқалды.

baq.kz
22 тамыз 2021 ж. 375 0