Қуаныш соңы қайғымен аяқталды

Оқыс оқиға салдарынан төрт адам көз жұмып, отыздан астам азамат жарақат алды. БАҚ келтірген мәліметтерге сенсек, көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге талпынған. Алайда ұзай алмай, қолға түсті. Куәгерлер көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен адамдар топтасып тұрған жерге кіріп кеткенін айтты. Осылайша қуаныш соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.