Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болмағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған», делінген ҚР СІМ мәліметінде.

Еске сала кетсек, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды.

Ұшақ бортында 132 адам, атап айтқанда 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
22 наурыз 2022 ж. 730 0