Ресейдің Қара теңіздегі «Москва» крейсері суға батып кетті

Агенттіктің хабарлауынша крейс корпусы оқ-дәрілер жарылып, өрт шыққаннан зақымдалған. «Москва» крейсерін тұратын орнына тіркеп сүйреп алып бара жатқан кезде кеме корпусының зақымдалуына байланысты орнықтылығын жоғалтқан. Теңіздегі дауыл салдарынан кеме батып кетті», - деді Ресей әскери ведомствосы.
Крейсер экипажы Қара теңіз флотындағы басқа кемелерге эвакуацияланды.