Грузияның астанасында Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды
Грузияның астанасы Тбилисиде қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Грузия мен Қазақстан билігі бұл шараға ұзақ уақыт дайындалған, олар монументті ашуды өткен жылы жоспарлаған, алайда шараның өтуіне пандемия мүмкіндік бермеген.
Енді Тбилисидегі қазақ ойшылының бейнесі екі елдің достығын еске түсіріп тұрады. Грузин мүсіншісі жасаған ескерткіш ел астанасының алаңдарының біріне қойылған. Ашылу салтанатына Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен Грузияның экономика министрінің орынбасары Геннадий Арвеладзе қатысты.
Абай өмірінің соңғы кезінде неге қайғыға салынып кетті? Зерттеушілер ұлы ақынға қатысты тың деректерді жаңартты
Қытайлық миллиардер Джек Ма Абайдың өлеңін оқыды (видео)
Абай Құнанбаевтың бұған дейін жарияланбаған туындысы табылды
"Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл болды. Ал Абай ескерткішінің ашылуы екі ел халықтарының арасындағы достықтың тағы бір рухани көпірі іспетті", – деді Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Бауыржан Мұхамеджанов.
Тбилиси қаласының тұрғындары ескерткіштің ашылғанына жылы шырайларын білдірген.
"Абай туралы мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінде білдім, сол үшін ризамын. Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай шыққан кітабы менің кабинетімде құрметті орнында тұр. Оны түгелдей оқып шықтым. Маған оның философиялық мақсаты, ақындық шығармашылығы қатты ұнайды. Енді оның ескерткіші осы алаңға сән беріп тұратынына қуаныштымын", – дейді қала тұрғыны Эрекле Макашвили.