Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ

2020 жылмен салыстырғанда аштыққа ұшырағандар саны 46 миллионға артты. Жалпы, пандемия басталғаннан бері азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шеккендер саны 150 миллионға өскен.
«Біз кедейшіліктің шегіне жетіп қалғанын көріп отырмыз, онымен күресу үшін ондаған жылдар бойы жүргізілген күш-жігер босқа кетті. Әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғайып барады. Ерекше алаңдаушылық тудыратын жайт - адамдардың қалыпты тамақтануға мүмкіндігінің жоқтығы», деді Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас экономисі Максимо Тореро.
Азық-түліктің жетіспеушілігі Азия, Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде байқалды. Қазір әлемде жағдай күрт нашарлады. Егер өзгеріс болмаса, 2030 жылы 670 миллион адам аштыққа ұшырайды, бұл - шамамен 2015 жылғы көрсеткішпен тең.