Солтүстік Корея Шығыс теңізіне қарай тағы зымыран ұшырды – БАҚ

Штабтар бастығының бірлескен комитетінен мәлім еткендей, бұл ұшырылым екі апта ішінде жасалған «жетінші араңдату». Өзге мәліметтер жарияланбады.
Айта кетсек, сенбі күні Оңтүстік Корея мен АҚШ америка авиатасымалдағышы жұмылдырылған әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуын аяқтаған болатын.
«Бір күн бұрын Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық авиация басқармасы Пхеньянның ракета сынақтары «қорғаныс» болып табылатынын мәлімдеген еді. Себебі АҚШ-ты әскери қауіп деп есептейді», - деп жазады YONHAP.
Бірер күн бұрын ғана Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырғанын жазған болатынбыз.