Қырғызстанда баға мен тариф бір жылда 14,7 пайызға өсті

Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, елде алкоголь мен темекі өнімдерінің құны 24,4%-ға, азық-түлік және алкогольсіз сусындар – 15,8%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 12,7%-ға және халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері – 9,1%-ға өсті.
Ағымдағы жылы азық-түлік тауарларының ішінде балық – 32,5%, қант – 30,5%, ұн – 27,8%, сүт өнімдері – 26,8%-ға, макарон және басқа да дәнді дақылдар – 25,5%, нан өнімдері – 22,6%, сары май – 22,3%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар – 20,6%, күріш – 19,7%, шошқа еті – 19,3%, нан – 17,4%, алкогольсіз сусындар – 16,1%, қарақұмық – 12,1%, сиыр еті – 12,2% және қой еті – 11,7%-ға қымбаттаған.
2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2022 жылға арналған тұтыну бағалары мен тарифтерінің өсуі республиканың барлық аймақтарында байқалды. Бұл ретте бағаның максималды көтерілуі Нарын облысында (18,4%) тіркелді, онда алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдері бірден 43,3%-ға қымбаттаған.