Түсірілім алаңында операторды атып алған актерге айып тағылды

Нью-Мексико штатының бірінші сот округінің прокуроры Мэри Кармак-Олтвис Болдуинге қатысты істі қайта қозғаған. Ол алаңдағы қарудың қауіпсіздігіне жауапты Ханны Гутьеррес-Ридке ресми түрде айып тағылғанын айтты.
Бүгін біз Галина Хатчинс үшін әділеттілікті қамтамасыз етуде тағы бір маңызды қадам жасадық. Нью-Мексикода ешкім заңнан жоғары емес және әділеттілік орнайды, - деді Санта-Фе округінің прокуроры Кармак-Олтвис.