Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та Наурызды қалай тойлады?

АҚШ-та Наурызды қалай тойлады?

Вашингтон қаласы мен Вирджиния және Мэриленд штаттарында тұратын қазақтар Наурыз мерекесін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пандемиядан соң бірінші рет ұйымдастырылған мерекелік кешке 400-ге жуық адам қатысты. Наурыз көжеден дәм тату үшін АҚШ-тың өзге де аймақтарынан қазақтар тойға арнайы келіпті.

Қазақ биі ішкі жан дүниеміздің әуеніндей. Ол әрқашан біздің жүрегімізде, тек гүлденуіне түрткі болуымыз керек, - дейді «Сылқылдақ» биін 16 жастағы Лола Фаркуске үйреткен мұғалімі Динара ханым.

АҚШ-та туған Лола өзінің әсем биімен наурызды тойлауға жиналған қалың көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Осы аумақта тұратын қазақтар мейрам сайын жиналып тұрады. Ал Наурыз мерекесін көктемді қарсы алуға арналған тамаш күн деп білем. Мен үшін оның мағынасы қуанышта адамдардың бірге жолығып, уақыттарын жақсы өткізуі, - деді Лола Фаркус.

Ал америкалық Дэвуд Шуейд қазақтан қыз алған соң бай дастархан, дәмді ұлттық тағамдар оған таңсық емес. Дэвид Наурызды жұртты біріктіретін мереке ретінде бағалайды.

Наурыз құтты болсын! Мен Наурызды жақсы көрем. Бұл мерекеде әрқашан адамдар мәре-сәре болып жатады. Мәдениетке толықтай кірігу сияқты сезінемін. Әрине дәмді тамақ мол болады. Менің әйелім Алматы қаласынан және екеуміз де қазақ халқының өмір сүру салтын ұнатамыз. Әсіресе бұл мейрам шаттыққа толы, адамдар біріне-бірі жақын бола түсетіндей, - деді ол.

24.kz-тің хабарлауынша, Вирджиния мен Мэриленд штаты және Вашингтон қаласында тұратын қазақтар мейрам сайын ғана емес, бір-бірін сағынғанда да жиі бас қосып тұрады.

Мұндай шаралар жыраққа қоныс аударғандар үшін аса қажет, балалар өзара араласады, жат болып кетпейді. Әрі кім екендерін естеріне салып тұрамыз, - дейді Қазақ-американ қауымдастығының белсенділері.

baq.kz
23 наурыз 2023 ж. 451 0