Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал спортшы 32 жасында қайтыс болды

Танымал спортшы 32 жасында қайтыс болды

Америкалық жеңілатлет Тори Боуи 32 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионы неден қайтыс болғаны туралы хабарланған жоқ.

"Біз аяулы досымыз, қызымыз және әпкемізден айырылып қалдық. Тори жарқырған күннің жұлдызындай еді", - дейді спортшының жақындары. 

Айта кетейік, Боуи 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиада ойындарында 4x100 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Ол сондай-ақ 100 метрлік жарыста екінші орынға ие болды және сол жарыста 200 метрлік жарыста қола жеңіп алды.
04 мамыр 2023 ж. 381 0