Әлемдегі ең үлкен кітапхана

Бүгінгі таңда кітапхана қорында 470 тілде 38 миллионнан астам кітап бар, ал кітап сөрелерінің жалпы ұзындығы 1200 км-ге жетеді. Қорға күн сайын 10 мың кітап қосылып отырады.
Кітапхана ғимараты итальяндық стильде мәрмәр мен граниттен тұрғызылған және Капитолийдің қарсы жағында орналасқан. Кітапхананың сайты арқылы онлайн экскурсия жасауға да болады. Қордағы кітаптардың да электронды нұсқасы қолжетімді. 1993 жылдан бастап кітапхана өз коллекцияларын цифрландырып, оларды веб-порталға орналастырған.
Кітапхана тек кітаптарды ғана емес басқа да құнды материалдарды сақтайды. Онда 3,6 миллион аудио, 14 миллион фотосурет, 5,5 миллион географиялық карта, 8,1 миллион музыкалық жинақ және 70 миллион қолжазба бар.
egemen.kz