Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

Қырғызстанда төтенше жағдай жарияланды

Жалал-Абад облысының Тогуз-Тороу ауданында ІІІ дәрежелі төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Қырғызстан Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Нарын өзенінде су деңгейі көтеріліп, 200 үй, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің 16 гектары мен әуежайдың ұшып-қону жолағын су басу қаупі бар.

Осыған байланысты аудандық азаматтық қорғаныс комиссиясының дабылы жарияланды. Облыстық Азаматтық қорғаныс басшысы А.Сырғабаев пен ТЖМ басқарма басшысы А.Закировтың төрағалығымен өткен штаб отырысында III дәрежелі ТЖ режимін енгізу туралы шешім қабылданды.

Өзен арнасын дәлдеу жұмыстары жүргізілуде, оған арнайы техника тартылды.
22 маусым 2023 ж. 185 0