Аралда төтенше жағдай жарияланды

Аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия бұған дейін төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Шешім 24 маусым күні облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың келісімімен Әділет министрлігінің ашық НҚА порталында жарияланды.
Еске салсақ, ауданда биыл қыстан әлсіреп шығып, көктемде көкке аузы тимей қырылған 599 мал өлексесі актіленіп, жойылды.
syrboyi.kz