Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенегалда жаппай тәртіпсіздік болып жатыр

Сенегалда жаппай тәртіпсіздік болып жатыр

Африканың тағы бір елінде қақтығыс пен наразылық болып жатыр. Сенегалда оппозиция көшбасшысы ұсталғаннан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлады turkystan.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.

Сенегалда оппозиция көшбасшысы Усман Сонкоға көтеріліс жасады деген айып тағылып, оның партиясы таратылғаннан кейін тәртіпсіздік басталды. Билік «жеккөрінішті және диверсиялық» хабарламаларға қарсы тұру үшін интернет қызметтерін шектеді.

Қазіргі мемлекет басшысы Маки Сальді ашық сынға алған У.Сонко алдағы жылы ақпанда өтетін президент сайлауына қатысқысы келетінін жариялаған болатын. Әсіресе жастар арасында оның танымалдығы артқан. Ол билік етуші партияға қауіп келтіруі ықтимал. Маусымда У.Сонко сәбилерді азғырғаны үшін екі жылға бас бостандығы шектеліп, соның кесірінен сайлауға түсу мүмкіндігінен айырылды.

Маки Саль үшінші рет сайлауға түспейтінін жариялады, бірақ өз партиясынан үміткерді қолдауы мүмкін.

Саяси шиеленіс ұзақ уақыт бойы Батыс Африкадағы демократияның көрінісі болып саналған елді дүр сілкіндірді. Сенегал – Нигердегі дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күшке қатысатын Африка елдерінің бірі.
02 тамыз 2023 ж. 162 0