АҚШ-та авиашоу кезінде ұшақ құлады

Төтенше жағдай жергілікті уақытпен сағат 16:00-де болған. Ұшақ Детройт маңындағы Бельвиллдегі тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлап, бірнеше көлікті зақымдаған. Ұшқыш пен экипаждың екінші мүшесі катапульталанып үлгерген. Олар аман қалған, бірақ тексерілу үшін ауруханаға жеткізілді. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ, делінген хабарламада.
Fox News телеарнасы мәлім еткендей, осы оқиғаға байланысты әуе шоуын ұйымдастырушылар мерекені тоқтатуға мәжбүр болған. АҚШ Федералды әуе басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.