Техаста өңір тарихындағы ең ірі өрт болып жатыр

Мұндай ақпаратты Техас өрт сөндіру бөлімі мәлімдеді.
"Хатчинсон округіндегі Smokehouse Creek өртінің ауданы 1,075 мың акрға (435 мың га) жетті, оның 3% сөндірілді. Техаста 1,05 мың акр орман (424,9 мың га) өртеніп кетті", – делінген Х әлеуметтік желісіндегі ведомство жарияланымында.
Бұған дейін Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы 762 адам тұратын көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 15 адам қаза тауып, 44-і жараланғанын жаздық.
Фото: ашық дереккөз