Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда жерлесіміз қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда жерлесіміз қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

«Ол жұмыс орнында қайтыс болды, біз марқұмның туыстарымен байланысып, барлық қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз», деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Оңтүстік Кореяның «Yonhap» ақпарат агенттігі 30 жастағы Қазақстан азаматы ағынды суларды тазалау кезінде қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті полиция, сондай-ақ Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр. Болжам бойынша, ер адамды тоқ соққан. Оның жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады.

Фото: ашық дереккөз 

10 сәуір 2024 ж. 506 0