Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекарада қабырға тұрғызып жатыр
Солтүстік Корея Оңтүстік Корея елімен шекара бойында қабырға тұрғызбақ, оған спутниктік суреттер дәлел. Бұл туралы BBC News хабарлады.
BBC Verify екі ел арасындағы шекараның жеті шақырым бөлігінде түсірілген ажыратымдылығы жоғары спутниктік суреттерге талдау жасады.
Суреттерден жалпы ұзындығы шамамен 1 шақырым болатын демилитаризацияланған аймақтың жанында қоршау салынған кем дегенде үш учаскені көруге болады.
Олар шекараның шығыс шетіне жақын орналасқан. Шекараның басқа бөліктерінде де кедергілер салынуы мүмкін.
Алынған суреттер демилитаризацияланған аймақтың (DMZ) ішіндегі жер учаскелерінің тазартылғанын көрсетеді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл Оңтүстік Кореямен бұрыннан келе жатқан бітімді бұзуы мүмкін.
DMZ — Кореяның солтүстігі мен оңтүстігін бөлетін ұзындығы 240 шақырым және ені 4 шақырым буферлік аймақ.
Ол 1953 жылы екі ел арасындағы жауынгерлік іс-қимыл аяқталып, бітімгершілік келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз