Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстықтан он мыңдаған еуропалық қаза тапты

Аптап ыстықтан он мыңдаған еуропалық қаза тапты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада аптап ыстықтан жылына 175 мыңнан астам адам көз жұматынын хабарлады. Бұл туралы Euronews жазды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2000-2019 жылдар аралығындағы ыстықтан жыл сайын жарты миллионға дейін адам қайтыс болады.

Еуропа жердегі ең жылдам дамып келе жатқан континент болғандықтан, мұнда өлім-жітім үлесі де (36%) жоғары.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жаз мезгіліндегі аптап ыстыққа қарсы әрекет етуге шақырғаннан кейін арада бірнеше күн өткен соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасағанын айта кеткен жөн.

Еуропалық аймақтағы ең ыстық 3 жыл 2020 жылдан кейін, ал ең ыстық 10 жыл 2007 жылдан бері тіркелді.

Соңғы 20 жылда жер шарының барлық елінде ыстықтан болатын өлім көрсеткіші 30%-ға өскен.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
04 тамыз 2024 ж. 203 0