Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда алты адамды найзағай соғып, қаза тапты

Қытайда алты адамды найзағай соғып, қаза тапты

11 тамызда Чанчжоудағы саябақта найзағай соғуы салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

The Standard басылымының хабарлауынша, қолайсыз ауа райы кезінде саябақта демалушылар шатыр астына тығылған. Апат салдарынан алты адам қаза тауып, тағы он адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, өткен айда елдің солтүстігіндегі Шэньси провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тасжол көпірі опырылып, кемінде 38 адам қаза тапқан еді.

Сурет: ашық дереккөз 
12 тамыз 2024 ж. 145 0