Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тек қана қазақтар тұратын ауыл бар

Түркияда тек қана қазақтар тұратын ауыл бар

Түркияның Ниғде өлкесіндегі Ұлыкышла ауданында тұратын қазақтар әлі күнге дейін салт-дәстүрін ұмытпаған. KAZINFORM ақпараттық агенттігі оқырман назарына Анадолы агенттігінің Түркиядағы қазақ ауылынан жасаған фоторепортажын ұсынады.

1955 жылы Шығыс Түркістаннан қоныс аударып, Ниғдеге тұрақтаған қазақтар әдет-ғұрпын сол күйінде сақтап, күнделікті ұстанып келеді.

Алтай таулары мен соның төңірегінен көшіп келгендіктен Ұлыкышла ауданында өздері ат басын тіреп, негізін қалаған ауылға Алтай деп ат қойған.

Жергілікті қазақтар қазір де ұлттық киімін киіп, ұлттық музыкалық аспабы — домбыра шертіп, той-томалағы мен жөн-жоралғысын жасап, ерекше дәстүрлі өмірін жалғастырып отыр.

165 шаңырақтан тұратын Алтай ауылы — Түркиядағы тек қана қазақтар мекендейтін жалғыз ауыл.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден
21 қыркүйек 2024 ж. 333 0