Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нигерияда тырысқақ індетінен қайтыс болғандар саны 359 адамға жетті

Нигерияда тырысқақ індетінен қайтыс болғандар саны 359 адамға жетті

Нигерияның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (NCDC) мәліметінше, жыл басынан бері елде тырысқақ індетін жұқтырудың 10 857 жағдайы анықталып, аурудан 359 адам қайтыс болған. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәлімдемеде айтылғандай, биыл елде тырысқақ ауруын жұқтыру жағдайларының саны күрт өскен. Оқиғалар санының 220 пайызға артуы үлкен алаңдаушылық тудырды.

Осы уақыт ішінде індет ел астанасы Абуджа мен Африка елінің 36 штатына тарады.

Тырысқақ індетіне байланысты Нигерияда 26 маусымда төтенше жағдай жарияланды. Өткен жылы елде тырысқақпен ауырған 3 мыңнан астам адам тіркеліп, 100-ден астамы қайтыс болған.

Тырысқақты «Вибрион» бактериялары тудырады. Ол тамақ және су арқылы таралып, ауыр диарея мен ағзаның сусыздануына әкеледі. Ем болмаған жағдайда, ол өлімге соқтырады.

Нигерияда таза судың жетіспеушілігінен басқа, жұқпалы ауруларды жұқтыру және олардан өлім қаупі тиісті медициналық қызметтердің болмауынан күшейіп отыр.

Елде безгек, полиомиелит, іш сүзегі және маймыл шешегі вирусын жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
08 қазан 2024 ж. 157 0