Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мысырда қазақстандық туристері бар автобус аударылып қалды

Мысырда қазақстандық туристері бар автобус аударылып қалды

Мысырда Рас-Сидр қаласында автобус аударылып, салдарынан 41 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккен 41 адамның ішінде үш қазақстандық турист бар екен.
Мысыр ақпарат құралдары Рас-Сидр қаласының маңында туристік автобус апатқа ұшырағанын хабарлады.  
31 адам Ресей мен Украинадан келген туристер. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, зардап шеккендер:
  • Қазақстаннан үш турист;
  • Әзірбайжаннан үш турист;
  • Төрт жергілікті тұрғын.
Әзірге әрбір адамның денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.  Жаралылар ауруханаға жатқызылды.
10 қараша 2024 ж. 140 0