Йемен Израиль шабуылдарына шешуші жауап берді

«Ансар Алла» саяси бюросының мүшесі Израильдің соңғы кездегі агрессивті әрекеттеріне тоқталып, қозғалыстың шешуші жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.
Асад йемендіктердің Израиль, АҚШ және Ұлыбританияға қарсы кең ауқымды күресте екенін баса айтып, агрессияға жауап беру үшін көптеген нұсқалары бар екенін атап көрсетті.
«Израиль режимі Йеменнен бұл басқыншылыққа қатаң жауап күтуі керек», - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ Йемен астанасына әуеден соққы жасады.
Йемен Тель-Авив пен Эйлат портына ұшқышсыз ұшақтармен соққы жасады.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз