ДДҰ: Еуропада қызылшамен ауырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Бір алаңдатарлығы, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе көп және 1997 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің осыған байланысты талдауы бойынша Еуропа мен Орталық Азияның 53 елі кіретін аймақта қызылша диагнозы қойылған науқастардың 40 пайыздан астамы бес жасқа дейінгі балалар.
Бұл өсім коронавирустық пандемия кезінде вакцинациямен қамтудың төмендеуіне байланысты.
Бірақ сарапшылар әлі де бірқатар елдерде вакцинацияны қабылдау пандемияға дейінгі деңгейге оралмағанына алаңдайды. Бұл эпидемия қаупін арттырады.
ЮНИСЕФ пен ДДҰ қызылша індеті белсенді дамыған елдердің үкіметтерін шұғыл түрде ауруды анықтауға және вакцинациялау науқанын күшейтуге шақырды.
Еске сала кетейік, АҚШ-тың ДДҰ-дан шығуы келесі індетпен күресті қиындатады.
ДДҰ-ның мәлімдеуінше, өткен жылы әлемде 8,5 миллион адам туберкулезбен ауырған.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай