Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Малайзияда газ құбырында күшті жарылыс болды

Малайзияда газ құбырында күшті жарылыс болды

Малайзияның Куала-Лумпур қаласына жақын орналасқан Субанг-Джая аймағында газ құбырында ірі жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Malay Mail басылымына сілтеме жасап.

Қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан 33 адам жарақат алған, олардың 6-ы ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, газ құбыры мемлекеттік энергетикалық компания Petronas-қа тиесілі.

Өрт Petronas газ құбырының 500 метрге жуық учаскесін қамтыған. Қазіргі таңда Аван тұрғын үй ауданынан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шенеунікте жақын маңайдағы Petronas жанармай құю станциясы зардап шекпегенін растап, тек негізгі газ құбыры өртеніп жатқанын мәлімдеген.

«Газ құбыры жабылды, бірақ өрт қалған газ түгел жанып кеткенше жалғаса береді. Өрт бірнеше тұрғын үйлерге таралған, әзірге зақымданған ғимараттардың нақты саны белгісіз», делінген хабарламада.

Фото: ​egemen.kz​​​
01 сәуір 2025 ж. 149 0